Lucky (жолы болғыш) Калифорнияға жетті. Жануарды жаңа иесі Эллин мен оның ұлы қарсы алды, деп хабарлайды DalaInform «Доброе Сердце» ҚҚ-ға сілтеме жасап.
Итті шетелге Джошуа есімді ер адам жеткізді.
«Лаки жақсы ұшып келді. Ол өте ақылды және мейірімді жануар», – деп жазды Джошуа.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін атыраулық иттің Америкаға аттанғанын хабарлаған едік. Ал төмендегі видеодан оның АҚШ-қа ұшып келіп, жаңа иелерімен алғаш кездескен сәтін көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Енді Эллиннің ұлы Лакиге арнап жеке инстаграм парақ ашпақ. Барлығы сол жерден оның өмірін тамашалай алады. Себебі жануар енді әлемдік жұлдызға айналды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram