АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы америкалықтарға 2 мың доллардан тарату идеясын таратуды мақұлдады деп хабарлайды Dalainform тілшісі әлемдік ақпарат көздеріне сүйеніп.
Олардың көпшілігі ұлттық экономиканы ынталандыру шаралары аясында азаматтарға тікелей төлем мөлшерін көбейту бастамасын қолдап дауыс беріп отыр.
Бұл дегеніңіз, заң шығарушы орынның 275-і тиісті ұсынысқа келіссе, 134-і қарсы шыққан.
АҚШ президенті қол қойған заң жобасына 900 миллиард доллар қажет. Мұндай ауқымды көмектің 600 доллардан 2 мың долларға өсетіні жазылған. Ал балаларға 300 доллардың орнына енді 600 доллардан үлестірмек.
Тікелей төлемдер жылдық табысы 75 мың доллардан аз азаматтарға арналған. Сонымен қатар, қатты зардап шеккен салаларға субсидия берілмек. Дәрі мен тамақ жеткізу, шағын бизнесті қолжетімді несиемен қамтамасыз ету жағы тағы бар.
Еске сала кетсек, пандемияның алғашқы толқыны барысында, АҚШ халқының 70 миллионы 1200 доллар тұратын төлемнен алды.