• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Видео

Алматы тауларында жоғалған адамның денесі табылды (видео)

Өкінішке қарай, турист қаза болыпты

Басты жаңалықтар, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Алматы тауларында жоғалған адамның денесі табылды (видео)
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы тауларында жоғалған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды DalaInform төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

«12 ақпанда сағат 14:30-да 1981 жылы туған ер адамның өлі денесі Шымбұлақ шатқалынан табылды»,  – деді Талғат Уәли.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КрисПи | Алматы | 21+ (@kris.p.original)

Бұған дейін турист іздестірілген болатын. ТЖМ ресми өкілі іздестіру жұмыстары жайлы егжей-тегжей баяндаған еді.

«2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да «112» пультіне 1981 жылғы азаматтан оның Шымбұлақ шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтыны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, Алматы қаласы құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ Шымбұлақ ТШК құтқарушылары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ТЖМ аумақтық бөлімшелер құтқарушылары, «109 құтқару қызметі», медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды. Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр. Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды.

Құтқару жұмыстары 3200 метр астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізілуде. Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сондай-ақ Богданович мұздығының ауданы және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің барлық жағынан іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды. Ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматы қаласы ТЖД қосымша билайн және теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұрау жолдады. Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимыл күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан, сағат 18:29-да beeline ұялы байланыс операторы арқылы Шымбұлақ базасы тіркелді. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, ТЖМ, РЖҚЖ, АМО, ҚҚ аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуынша, жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен бәтеңкеде болған», – деген еді ведомство өкілі.

Тегтер: Алматыер адам қаза таптыҚазақстантаулар
Алдыңғы жаңалық

Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды – Тоқаев

Келесі жаңалық

Оппозицияны бірігіп, ұлттық кеңес құруға шақырды (ВИДЕО)

Келесі жаңалық
Депутат коронавируспен күреске жұмсалған қаржының есебін талап етті

Оппозицияны бірігіп, ұлттық кеңес құруға шақырды (ВИДЕО)

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться