Қазір тәртіп сақшылары тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DalaInform.
Бастапқыда бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. inAlmaty.kz дерегінше, кей желілерде әйелдің ағашта асылып тұрғаны жазылған екен. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 ақпанда әйелдің денесі табылғаны жөнінде мәліметті растады.
«Медеу ауданының таулы аумағында 40-45 жастағы, түрі еуропалыққа келетін белгісіз әйелдің мүрдесі табылды. Оның кім екені анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Алматы тауларында жоғалған ер адамның денесі табылған болатын.