Алматы дүкендеріндегі тамақ өнімдерінен ГМО анықталды, деп хабарлайды DalaInform ұлттық сараптама орталығына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі Алматы ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореяда жасалған «Джин Рамен» тез дайындалатын кеспесінің үш үлгісін және «Butter Соокіеѕ Danish Pride» түрік печеньесінің бір сынамасын зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады.
Алматының тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау мақсатында 89 тамақ өнімінің сынамасын сатып алды. Сараптама үшін алынған барлық үлгі Алматыдағы ұлттық сараптама орталығының зертханасына жеткізілді.
Зерттеу қорытындысына сай, кеспедегі гендік түрлендірілген соя құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін жетсе, печеньеде 47,75%-дан асқан. Бұған қоса аталған өнімдерде гендік түрлендірілген ингредиенттер құрамы туралы ақпарат көрсетілмеген. Тамақ өнімдеріндегі ГМО-ның рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспауы тиіс.
Сатушылар бұл өнімдерді «Барыс-4» пен «Ақбұлақ» көтерме сауда базарларынан олардың қауіпсіздігін растайтын құжатсыз сатып алған. Аталған фактілерден кейін сауда желісіндегі сәйкес емес өнімді анықтау, оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
ГМО қатерлі ісікке шалдығу, балалар әрі жасөспірімдердің өсуінің тежелу, аллергиялық аурулардың пайда болу қаупін арттырады.