• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Технология

Алғашқы қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараты сынақтан өтуде (ВИДЕО)

Қазіргі әскери қақтығыстар осындай ұшқышсыз аппараттардың қажеттілігін дәлелдеп отыр.

Басты жаңалықтар, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Пікір, Технология
Share on FacebookShare on Twitter

«Шағала» жаңа барлау ұшқышсыз авиация кешенінің сынақ ұшулары орындалды. Бұл ұшқышсыз ұшу аппаратын Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі заманғы әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануы, осындай құрылғылар жасау қажеттігін дәлелдеді. Осы орайда, Ұлттық қорғаныс университетінде, қарсыластың бронды техникасы мен күшіне қарсы тиімді қару ретінде тек барлау дрондарын ғана емес, сонымен қатар соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануға да талдау жасалған.

«Шағала» барлаушы ұшқышсыз ұшу аппаратының тәжірибедегі нұсқасы бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, байланыс арнасы қорғалған жеке криптографиялық хаттамамен жабдықталған.

«Ұшқышсыз ұшу аппараты ауқымында әскерлерді отандық әзірлемелермен қамтамасыз етуге деген ұмтылыс қуантады. Дегенмен, бұл осындай шетелдік құрылғылармен бірдей болмауы керек. Отандық аппараттардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын әзірлеу кезінде қазақстандық армияның барлық қажеттіліктерін, біздің қорғаныс мақсатындағы географиялық ерекшеліктерді ескеру қажет», – деп атап өтті ҚР қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

Зерттеуге арналған үлгіні полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзінің жаңа өнімін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареялары – Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының ойлап тапқандары.

Қорғаныс министрінің орынбасары қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі Қазақстанда жасалмайтын тораптар мен агрегаттардың импортын барынша азайта отырып, отандық қорғаныс өнеркәсібінің мүмкіндіктерін терең интеграциялауды көздейтініне назар аударды.

«Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын шығару үшін отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін ескере отырып, қызмет көрсету, техниктер мен операторларды оқыту бағдарламалары, сондай-ақ қарулы күштердің оқу орындары мен бөлімдерінде оны енгізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты операторларының жауынгерлік даярлық курсы әзірленді.

Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, полковник Қуандық Ақшолақовтың айтуынша, «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппараты, осыған ұқсас шетелдік аппараттардың техникалық сипаттамаларынан кем түспейді, керісінше өзіндік артықшылықтарға ие.

«Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырмыз», – дейді Қуандық Ақшолақов.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі патенттелген және де тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық атқарылған жұмыс Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне берілмек.

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті 2014 жылдан бастап ұшқышсыз ұшу жүйелері саласында зерттеулер жүргізіп келеді.

Тегтер: ғылыми жұмысҚазақстанҚорғаныс министрлігісынақҰлттық қорғаныс университетіұшқышсыз ұшу аппаратышағала
Алдыңғы жаңалық

Мейрамбек пен оны уайымдаған әженің әңгімесі жұртты елжіретті (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

«Қазақстан темір жолы» басшылары күдікке ілінді

Келесі жаңалық
«Қазақстан темір жолы» басшылары күдікке ілінді

«Қазақстан темір жолы» басшылары күдікке ілінді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться