27 желтоқсан күні астанада қоғамдық көлік қатынайды, деп хабарлайды DalaInform CTS компаниясына сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 27 желтоқсанда қалада және қала маңына жүретін бағдарлар сағат 23:00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды», – делінген ақпаратта.
Мамандар жолақы қолма-қол ақшасыз төленетінін еске салды.
Бұған дейін 2021 жылы Нұр-Сұлтанда сегіз жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылатынын хабарлаған едік.