Мьянма мемлекетінде әскери төңкеріс болып, ел басшылары қамауға алынды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
Елде бір жыл мерзімге төтенше жағдай тәртібі жарияланды.
Саяси өмірге белсене араласып, 2020 жылдың қараша айында өткен парламент сайлауына наразылық танытқан әскерилер осылайша мемлекеттік кеңесші, Нобель сыйлығын алған ұлт көшбасшысы Аун Сан Су Чжи мен президент Вин Мьинді тұтқындағандарын мәлімдеді. Сайлауда билік партиясы 70 пайыздан астам дауыс жинаған.
Мемлекеттік телеарна хабар таратуын тоқтатып, ғаламтор мен телефон байланысы нашарлаған. Қалаларда сарбаздар мен қарулы күштер техникасы шоғырландырылуда.
Атап өтерлік жайт, 1962-2011 жыл аралығында елді толық әскерилер басқарды.
Ал 15 жыл үйқамақта отырып, әлемнің бейбітшілік сыйлығына ие болған Аун Сан Су Чжи өзі билік тізгінін қолға алған соң жеке-дара билеуді күшейтіп, елдегі мұсылмандардың рохинжа қауымының құқығының бұзылуына салғырт қарағаны үшін сыналды.