Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық іс-әрекетіне қатысты қылмыстық істі аяқтады деп хабарлайды Dalainform тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің ақпаратына сүйеніп.
«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбедегі филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені және бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпегендігі анықталды», делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен, ауылдық округ әкімі, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөліміне сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық), жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдалану арқылы көрсетілген қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.