• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Адам саудасы: Қазақстандағы ахуал қандай?

Бұл мәселе елімізде әлі де өзекті

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Талдау
Адам саудасы: Қазақстандағы ахуал қандай?
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан, өкінішке қарай, адам саудасы бойынша әлемдік рейтинге алдыңғы орында тұр. Бұл қылмыс азаяр емес. Осыған байланысты ішкі істер министрлігінің өкілдері адам саудасына қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріп, онымен күрес барысы туралы баяндады, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында адам саудасы проблемасын көтерген болатын.

«Заң үстемдігі орнықпаса және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір­де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды. Мен үшін бұл мәселенің мәні зор. Адам саудасына қарсы күрес мәсе­лесі де күн тәртібінен түспейді. Бұл жағы­нан Қазақстанның халықаралық қауым­дастық алдындағы жағдайы айтар­лық­тай емес. Құқық қорғау органдары мұн­дай қылмыстарды тергеу рәсімін жетіл­діре түсуі керек. Осыған орай сот тәр­тібімен қатаң жаза қолданылуы қажет. Бұл маңызды міндет мемлекеттік орган­дар­дың үйлесімді іс-қимылын талап етеді», – деген еді президент биылғы жолдауда.

Ал ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бұл проблема бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отыр дейді.

«Адам саудасы, еңбекке мәжбүрлеу – бұл Қазақстанды ғана емес, әлемді мазалап отырған мәселелердің бірі. Көп жағдайда адамдар сауатсыздық танытып, өзінің төлқұжаттарын бере салады. Сол нәрседен алшақ болу керек», – деді Нұрділдә Ораз арнайы брифингте.

 

Ведомствоға қарасты криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев халықаралық проблемаға айналған адам саудасы жайлы толық айтып берді:

 

Адам саудасы деген не

Бұл қылмыс адамның ең негізгі құқықтарын бұзады. Өкінішке қарай, адам саудасы біздің елімізде де бар. Сондықтан министрлігіміз бұл проблемаға үлкен көңіл бөледі. Қазақстанда аудам саудасы еңбекке мәжбүрлеу, сексуалды мақсатта пайдалану, кәмелетке толмағандарды саудалау, қайыр тілеумен айналысуға мүжбүрлеу, адам мүшесін (органын) сату формасында кездеседі.

 

Жантүршігерлік қылмыстар

10-12 қыркүйекте «STOP-трафик» ауқымды операциясы кезекті рет өтті. Оған полиция органдарынан қосымша күштер тартылды. Үш күндік операция кезінде полицейлер адам саудасымен байланысты 50-ден астам қылмысты анықтады. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудалауға қатысты бір факт, адам саудасымен байланысты екі факт, еңбек және сексауалды мақсатта пайдалану үшін бостандығынан айыруға қатысты үш факт, жезөкшелікпен айналысуға тартумен байланысты алты факт, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыруға қатысты қырыққа жуық факт анықталды. Бұған қоса бірқатар әкімшілік заң бұзушылықтың беті ашылды. Бірнеше мысал келтіруге де болады.

Мәселен, полиция қызметкерлері өлтіремін деп қорқытып, үш ай бойы 40 жастағы азаматтың еңбегін пайдаланған шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысының тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Жәбірленген азамат күндіз тракторшы болса, түнде сиырларды күзетумен айналысқан. Ол автофургонда түнеп жүрген. Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 128 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде. Қазір жәбірленуші адам саудасы құрбандарына арналған дағдарыс орталығына орналастырылды. Ол сол жерде тиісті көмек алып жатыр.

Бұған қоса, қызметкерлер Жамбыл облысында өңірдің үш тұрғынын – екі ер мен бір әйелді заңсыз бас бостандығынан айыру фактісін анықтады. Олар 2019 жылдың қарашасынан бері шаруа қожалығында еңбектенуге мәжбүр болған. Ерлер мал бақса, әйел үй шаруасымен айналысқан. Бұл факт бойынша да қылмыстық кодекстің 126 бабы бойынша (пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру) іс қозғалды.

Полицейлер Қызылорда облысында бір апта бойы қаланың бір пәтерінде сексуалды мақсатта пайдалану үшін әйелді заңсыз ұстап отырған екі ер адамды құрықтады. Қазір әйел босатылды. Қылмыстық кодекстің 126 бабы бойынша іс қозғалды.

Алматыда бес ай бойы 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға алдап-арбап мәжбүрлеген жас қыздар ұсталды. Күдіктілер оның мәліметтерін жыныстық қатынас көрсету хабарламалары бар интернет ресурстарда жариялап отырған. Қылмыстық кодекстің 134 бабы бойынша (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) іс қозғалды.

Арнайы әлеуметтік қызмет жәбірленушілерге тиісті көмек көрсетті. «STOP-трафик» операциясы аясында зардап шеккен шетелдіктерді анықтау үшін де арнайы шара өткізілді.

 

Бұндай жағдайға түспес үшін не істеу керек

Бастысы, ақша табу жөнінде күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Одан кейін, ешкімге өз құжаттарыңызды, жеке куәлігіңізді бермеңіз. Басқа қалаға немесе елге шығар кезде өзіңізбен байланысатын мәлімет пен мекенжайларды қалдырып кетіңіз.

 

Бұндай жағдайға тап болсаңыз ше

Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, бірден жақын маңдағы полиция учаскесіне барыңыз, 102-ге немесе 11616 сенім телефонына хабарласыңыз. Бұған қоса, әр өңірде полициямен бірге адам саудасы құрбандарына көмектесуге дайын үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейтінін білгеніңіз жөн.

 

Елімізде қанша адам із-түссіз жоғалған

Қазір 1200 адам із-түссіз жоғалғандар ретінде тіркелген, олардың 22-сі – бала. Ер адамдар жиі жоғалады. Бұл олардың қызметтік іссапар, басқа өңір, маусымдық жұмыс, түрлі рейске шығуымен байланысты. Мысалы машина жеткізу, жүк тасу және тағы басқа. Әйелдер де жоғалады, қолайсыз отбасында өскен жасөспірімдер де жиі жоғалып кетеді. Кәмелетке толмағандардың үйінен кетуіне негізінен қолайсыз жанұя, ата-анамен ұрысу, спирттік ішімдік ішетін отбасымен бірге тұрғысы келмеу себеп болады.

Статистикаға сүйенсек, із-түссіз жоғалған 100 азаматтың 80 астамы табылып, туыстарына қайтарылады.

 

Құрбандар кімдер

Еліміздегі адам саудасының құрбандары арасында Қазақстан азаматтары да, шетелдіктер де бар. Шетелдіктер арасында Орталық Азия елдерінің азаматтары көп. Пайыздық қатынас бойынша алсақ, 100 пайыздың 90 пайызы – Қазақстан азаматтары, ал 10 пайызы – шетелдіктер.

 

Қанша қылмыскер сотталды

Биыл адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін 26 адам сотталды. Жыл сайын осы заңсыздықпен байланысты шамамен 180 қылмыстық іс қозғалады. Адам саудасы барлық облыста – ауылда да, қалада да кездеседі.

 

Карантинде қылмыс тіркелді ме

Адам саудасына байланысты қылмыстар карантин уақытында да тіркелді. Бұл кезеңде анықталған қылмыс саны күрт өсті немесе төмендеді деп айта алмаймыз.

 

Қандай жаза қарастырылған

Адамды саудалау және пайдалану үшін қылмыстық кодекстің 8 бабында жауапкершілік қарастырылған. Ең қатаң жазалау шарасы мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Бірқатар бап бойынша жаза күшейтілген.

Ішкі істер органдары құрылымында, министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде адам саудасымен күрес бойынша бөлім жұмыс істейді. Полиция осы заңсыздықпен байланысты фактілерді анықтап, алдын алу бойынша барлық шараны тұрақты түрде қабылдайды. Ғаламтор желісі, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да дереккөздер зерттеледі.

 

Қаржы пирамидасының қармағына түспеу жолдарын да біле жүріңіздер.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: адам саудасыжауапкершілікЖолдаукарантинҚазақстанқайғылы жағдайҚасым-Жомарт Тоқаевқылмысполицияпрезидентсотстатистикаұрлықхалық
Алдыңғы жаңалық

Бір жылда 13 ай болу керек. Қазақстандық ғалымдар осындай жаңалық ашып отыр (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Қазақстан Ливияға қару-жарақ тасуы мүмкін үш әуе компаниясының жұмысын тоқтатты

Келесі жаңалық
Қазақстан Ливияға қару-жарақ тасуы мүмкін үш әуе компаниясының жұмысын тоқтатты

Қазақстан Ливияға қару-жарақ тасуы мүмкін үш әуе компаниясының жұмысын тоқтатты

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться