• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Ішкі істер саласында қандай өзгерістер болады

Халықты қандай жаңалықтар күтіп тұр

Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Талдау
Ішкі істер саласында қандай өзгерістер болады
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрлігінің апта сайынғы онлайн брифингі өтіп, онда бірқатар маңызды мәселе көтерілді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

ІММ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз әдеттегідей елдегі криминогендік жағдайға шолу жасады.

«Бір апта ішінде 3179 қылмыс жасалды. Оның 2103-і бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылықты, 520 бөтен мүлікті ұрлауды ашты», – дейді Н.Ораз.

Ресми өкілдің мәліметінше, 2021 жыл құқық бұзушылықтың алдын алу және жұртқа жақын полиция қағидатын іске асыру жылы болады.

«Бұл туралы ішкі істер министрлігі басшысы Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында ішкі істер министрлігіне жергілікті полиция қызметін реформалауды тапсырды. Жаңа жылдың басынан бастап жергілікті полиция қызметін реформалау жөнінде 2021-2022 жылдарға арналған жоспар күшіне енді. Қазақстандық полицияны жұмыстың сервистік моделіне көшіру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сервистік тәсілдің пилоттық жобасы іске қосылды. Ол құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын талдап, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сондай-ақ халықты құқық бұзушылықтардың алдын алу процесіне тартуды көздейді. Министр атап өткендей, сервистік моделге көшу және жұртқа жақын полиция қағидатын іске асыру ведомствоның маңызды басымдықтары болып саналады. Бұл жұмыста негізгі рөл құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы негізгі буын ретінде учаскелік полиция, инспекторларының қызметіне беріледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, учаскелік полиция қызметкері азаматтар үшін танымал, қолжетімді, беделді болуы керек. Олардың құқықтары белсенді қорғалуы тиіс. Жұртқа жақын полиция қағидатын іске асыру үшін 2021 жылдың өзінде учаскелік инспекторлардың санын ұлғайту, учаскелік полиция пунктерінің желісін дамыту жоспарланып отыр. Олардың орналасу орындары халықтың тығыздығы ескеріле отырып таңдалады. Бұдан басқа осы қызметтің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылады және учаскелік полиция инспекторларының өкілеттіктері ұлғайтылады. Криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде нарядтардың тәулік бойы кезекшілігі және азаматтарды қабылдау үшін 200-ден астам модульдік полиция бекеті орнатылады. Икемді патрульдеу маршруттары пайдаланылады. Азаматтармен коммуникация арналары ұлғайтылады. Бұл полицейлерге азаматтардың кез келген өтінішіне жедел әрекет етуге көмектеседі», – деді ол.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, алқа отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы көтерілді.

«Полиция ел жолдарында бақылауды күшейтетінін атап өтті. Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу жүйелерінің желісін кеңейту және интеллектуалды камераларды енгізу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Өткен жылы 5,7 млн астам жол қозғалысы тіркелсе, осы жол қозғалысы ережелерін бұзушылыққа жол беріледі, оның 2,6 млн-ы автоматты тіркеу жүйесінің көмегімен анықталды. Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жауапты тұлғаларға 25 мыңнан астам нұсқама берілді. Жол жағдайлары қолайсыз не көліктің техникалық жай-күйі сәйкес келмеген жерлерде полиция қызметкерлері жолдарды немесе көлікті күтіп ұстауға жауапты адамдарға қатысты қатаң шаралар қолданады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көшелер мен жолдарды қоршаулармен, жаяу жүргіншілер өткелдерімен, қосымша бағдаршамдармен, жол белгілерімен, апаттық байланыспен жабдықтау шараларына ерекше көңіл бөлінбек. Автопатрульдеу арқылы жол қозғалысын қадағалауды 2 мыңға жуық экипаж жүзеге асырмақ. Өткен жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы саны 18,7 пайызға, онда қаза тапқандар 17 пайызға және зардап шеккендер 19 жарым пайызға қысқарды», – деп түйіндеді Нұрділдә Ораз.

Дегенмен жол қауіпсіздігі мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Кеше ғана ерекше қылмыс тіркелді. Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі «Сергек» камераларын алдамақ болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 35 жастағы азамат басқарған «Ниссан Патрол» автокөлігі жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы нөмірін аударып жүрген.

«Сергек» автоматтандырылған жүйесіне мониторинг жүргізу кезінде алдыңғы нөміріне нөмір аударатын механикалық жабдық орнатқан жол қозғалысы ережелерін бұзушы анықталды. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі бейнекамераларға жақындаған кезде машинаны басқару пульті арқылы құрылғыға сигнал жіберіп, мемлекеттік нөмірді жасырып отырған. Ол өз көлігінің мемлекеттік нөмірін жасыру арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзды. Демек ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына қасақана қауіп төндірді. Бұл жерде ешқандай сылтау болуы мүмкін емес. Ауыстырылатын нөмірі бар құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды. Ол бір жыл мерзімге машина басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.

Өткен жылы осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 3 мың 192 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін жасыруға арналған әртүрлі қондырғылар мен жалған нөмірлерді орнату жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу болып саналады.

«Сондай-ақ жүргізушілердің бәрін қала ішінде орнатылған камераның барлығының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын және түрлі заң бұзушылықтарды тіркейтінін ескерткен жөн. Жол қателіктерді кешірмейтінін әрдайым есте ұстау керек», – деді Мұрәталиев.

Сонымен қатар ІІМ жуырда жыл қорытындысын шығарып, басым бағыттарды анықтаған болатын. Ведомство хабарлауынша, қылмыстардың саны үштен бірге, қоғамдық орындардағы қылмыстық құқық бұзушылықтар, бұған қоса тонау, қарақшылық, бұзақылық, ұрлық екі есе қысқарған. Бұрын сотталғандар, кәмелетке толмағандар жасаған және мас күйінде жасалған қылмыстардың, бұнымен бірге кісі өлтіру саны айтарлықтай азайған. Көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарған. Есірткі қылмыстары көбірек анықталып, интернет-алаяқтықтың өсуі байқалған.

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: ІІМҚазақстанНұрділдә Оразресми өкіл
Алдыңғы жаңалық

Президент үкімет алдына қандай міндеттер қойды

Келесі жаңалық

Ғалым халық QazCovid-in құрамын бұған дейін де қабылдағанын мәлімдеді

Келесі жаңалық
Ғалым халық QazCovid-in құрамын бұған дейін де қабылдағанын мәлімдеді

Ғалым халық QazCovid-in құрамын бұған дейін де қабылдағанын мәлімдеді

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться