Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды DalaInform.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1% алды.
Олардың ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы – 72,8 %
Ақтөбе облысы – 57,7 %
Алматы облысы – 73,5 %
Атырау облысы – 55,5 %
Батыс Қазақстан облысы – 61,5 %
Жамбыл облысы – 72,2 %
Қарағанды облысы – 70,7 %
Қостанай облысы – 71,8 %
Қызылорда облысы – 72,7 %
Маңғыстау облысы – 54,0 %
Павлодар облысы – 71,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5 %
Түркістан облысы – 65,8 %
Шығыс Қазақстан облысы – 72,4 %
Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1 %
Алматы қаласы – 30,3 %
Шымкент қаласы – 56,5 %
Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы дерек сағат 22.00-де ұсынылады.