Орталық сайлау комиссиясы сағат 18.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды DalaInform.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 58,2% алды.
Олардың ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы – 65,1 %
Ақтөбе облысы – 52,4 %
Алматы облысы – 66,5 %
Атырау облысы – 51,1 %
Батыс Қазақстан облысы – 57,7 %
Жамбыл облысы – 68,3 %
Қарағанды облысы – 65,2 %
Қостанай облысы – 69,1 %
Қызылорда облысы – 67,9 %
Маңғыстау облысы – 49,1 %
Павлодар облысы – 64,5 %
Солтүстік Қазақстан облысы – 69,8 %
Түркістан облысы – 59,9 %
Шығыс Қазақстан облысы – 67,2 %
Нұр-Сұлтан қаласы – 44,0 %
Алматы қаласы – 27,7 %
Шымкент қаласы – 53,2 %.