«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 жарлығына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.
«1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».
2. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген ақпаратта.