• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Курсант қазасы: Академия басшысы қызметінен кетті

Тағы бірнеше қызметкер қатаң жазаланды

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Фото: uralskweek.kz

Фото: uralskweek.kz

Share on FacebookShare on Twitter

ІІМ Алматы академиясының бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды DalaInform ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 105 бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында қаза тапқан адамның туыстары баяндаған барлық дәлел тексеріледі. Оқу орнына ішкі істер министрлігі кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттері басшылығы мен жауапты қызметкерлерден арнайы топ жіберілді. Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті.

«Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау жүргізбегендіктен ішкі істер министрінің бұйрығымен академия бастығы О. Х. Смайылов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сондай-ақ оның идеологиялық тәрбие және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарын да қызметінен босату ұсынылды. Сонымен қатар оқу орнының тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың бесеуі жұмысынан босатылды», – делінген ақпаратта.

Академияның оқу процесіне, тұрмыстық жағдайына, моральдық-психологиялық ахуалына, қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді тексеру тағайындалды. Оқу орнына министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттері қызметкерлері жіберілді. Министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша, осындай тексерулер 2021 жылдың 1 тоқсанында ІІМ-нің барлық оқу орнында жүргізіледі.

Атап өтсек, бір аптадан астам уақыт бұрын Алматы академиясында 3 курста оқыған 19 жастағы курсант Саламат Өтегенов асылған күйінде табылды. БҚО тумасы өз өліміне дейін ата-анасынан ірі сомада ақша сұрапты.

Тегтер: ІІМкурсантҚазақстанқазасы
Алдыңғы жаңалық

Елордада төбелес кезінде екі адам көз жұмды

Келесі жаңалық

2021 жылы астанада сегіз жаңа автобус бағдары іске қосылады

Келесі жаңалық
2021 жылы астанада сегіз жаңа автобус бағдары іске қосылады

2021 жылы астанада сегіз жаңа автобус бағдары іске қосылады

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться