• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

«Спутник V» вакцинасының өндірісі таныстырылды

Қазір Қарағандыдағы екпе өндірісі қандай деңгейде?

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Технология
фото: ДСМ

фото: ДСМ

Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірістік аумағында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды DalaInform еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мекеменің бас директоры Сергей Барон, сондай-ақ ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбек БАҚ өкілдерін коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының өндірісімен таныстырды.

Атап өтсек, 2020 жылғы 26 тамызда «СҚ-Фармация» мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) «Спутник V» екпесінің кепілдік берілген көлемін бөлу туралы өзара түсіністік келісіміне қол қойды. 2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлескенде пандемиямен күресте ынтымақтастықты жандандыруды, мемлекетіміз аумағында вакциналарды бірлесіп өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Ал 2020 жылғы 4 желтоқсанда РТИҚ еліміздің денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты әрі 2020 жылғы 13 желтоқсанда «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС препараттың тәжірибелік сериясын өндіру үшін 6 мың доза көлемінде субстанция алды.

«ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы РТИҚ әрі «Генерум» компаниясының серіктестерімен бірге жол картасын әзірледі. Барлық мәселе күн сайын талқылануда. Біз қысқа мерзім ішінде технология трансферін, өндірісті дайындауды, тоңазытқышпен жабдықтауды үйреніп, персоналды оқыттық, оның сапасын зерттеп, Қазақстанда тіркеу үшін екпенің тәжірибелік сериясын шығаруға кірістік», – деді С.Барон.

Вакцина 2020 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Н.Ф. Гамалея атындағы ЭМҒЗИ-да сапасын бақылаудан өтеді. Тексеру сәтті болған жағдайда 2021 жылғы 26 қаңтардан 11 ақпанға дейін препаратты мемлекетімізде тіркеу жоспарланып отыр.

«Өзіміз өндірген екпені толық тіркеп, бірінші партияны 2021 жылдың 12 ақпанына дейін РТИҚ-қа тапсыруды жоспарлап отырмыз. «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторына вакцинаны жеткізуші мен өнім иесі – Ресейдің тікелей инвестициялар қоры», – деді С.Барон.

2021 жылғы ақпанда «Спутник V» екпесінің 80 мың дозасын, наурызда – 150 мың дозасын өндіру, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға жеткізу жоспарланып отыр.

«Бастапқыда медицина қызметкерлерін, бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханалары және жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін, сондай-ақ кәсібіне байланысты жұқтыру қаупі жоғары, қашықтан жұмыс істеу қиын немесе қолайсыз қызметкерлерді вакцинациялау көзделіп отыр», – деді Н. Асылбеков.

Алдын ала қажеттілік бойынша, иммунизацияның екі еселік кестесін ескере отырып, халықтың 20% иммундау үшін 6 млн дозадан, халықтың 50% үшін 20 млн дозаға дейін қажет. КВИ-ға қарсы екпелердің ерекшелігін ескере отырып, вакцинацияны ұйымдастыру жоспары дайындалуда. Вирусқа қарсы егу жоспарлы профилактикалық егу жүргізетін медицина ұйымдарының қолданыстағы егу кабинеттері базасында жүргізіледі.

Баспасөз туры барысында журналистер вакцинаның жұмыс істеу процесімен танысып, инъекциялық әрі лиофилизацияланған препараттар цехын, этикеткалау желісін, екпені екінші рет буып-түю мен сақтауды көрді.

Тегтер: вакцинаДенсаулық сақтау министрлігіҚазақстанспутник
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында жоғалған жасөспірім табылды

Келесі жаңалық

Сайлау туралы 15 дерек

Келесі жаңалық
Сайлау туралы 15 дерек

Сайлау туралы 15 дерек

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться