Қазақстан президенті «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі Covid-19 індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды. Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.
«Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Кездесу соңында Тоқаев Имер Боннерге еліміздің мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі әрі компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді», – делінген ақпаратта.