• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шықты

Бұл туралы өңір басшысы айтты

Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Қазақстан, Қоғам, Пікір
Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің «қызыл аймақтан» шыққанын жеткізді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.

«Ортақ күш-жігеріміз бен тұрғындардың жоғары жауапкершілігінің арқасында біз COVID-19-дың таралу деңгейін төмендете алдық. Бүгінде аймақта инфекцияның көбею коэффициенті бәсеңдеді. Қарашаның басымен салыстырғанда репродуктивті R саны 1,85-тен 0,84-ке дейін, ал төсек орын қорының қамтылу пайызы 31,1-ден 14,5-ке дейін төмендеді. Вирус жұқтырғандар саны 7 қарашада 353 адам болса, кеше 73 құрады. Ең бастысы, облысымызда коронавирусты оқшаулау орталығы арқылы індеттің жұқтыру тізбегін бақылау және тосқауыл қою жүйесі құрылды. 1 қарашадан бастап 584 медэпид топ сырқаттың 3,5 мың ошағында байланыста болған 21 618 адаммен жұмыс жүргізді», – деп жазды ол инстаграм парағында.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, ковидті уақтылы анықтап, емдеу үшін қолданыстағы 13 ПТР-зертханасына жергілікті бюджет есебінен қосымша тағы алтау қосылды. Алдағы күндері тағы біреуі ашылады. Пандемия басталғаннан бері ШҚО-да 355 мың тест өткізілді, оның ішінде тек қарашада 101 095 мың зерттеу жүргізілді. Бұл ел бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Мониторингтік топтар да тиімді жұмыс атқарды. 1 қарашадан бастап 166 топ 1906 рейд жүргізіп, 4426 нысанды тексерді. Оның 1055-інде заң бұзушылықтар анықтап, 48 млн теңгеге 735 айыппұл салды.

«Дәрігерлеріміз КВИ жұқтырған науқастарды емдеу схемасын өзектендіру жұмысын тұрақты негізде жүргізуде. 12 қарашадан бастап науқастардың келісімімен облыс ауруханаларында «Фавипиравир» препараты қолданылады. Нәтижесі жақсы, COVID-19-дан сауыққан азаматтар саны артты. Сонымен қатар донорлар көмегімен жиналған 3200 иммундық плазма да белсенді түрде қолданылып жатыр. Осы және басқа да шаралардың арқасында біз инфекцияның «сары аймағына» кірдік. Бұл қолданыстағы шектеулерге бірқатар жеңілдік енгізуге мүмкіндік береді. Алайда вирустан әзірге вакцина жоқ. Сондықтан коронавирустан ең сенімді қорғаныс – сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық болып қала бермек. Біздің қазіргі басты міндетіміз – індеттің өсуіне жол бермеу, емдеу мекемелерінің тиімділігін арттыру және халық денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Өзіңіз бен жақыныңызға қорған болыңыз!», – деді Ахметов.

Атап өтсек, 9 қарашада премьер-министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстанда сырқат бойынша жағдайды тұрақтандыруды тапсырған болатын.

Ал 20 қарашада Даниал Ахметов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы есеп берген еді.

«Өңірде ковидтің таралуына байланысты күрделі жағдай сақталып отыр. КВИ-дің алғашқы оқиғасы тіркелген сәттен бастап 14402 жұқтыру жағдайы тіркелді. Бүгін облыс ауруханаларында 659 адам жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7 процентті құрайды. Өкінішке қарай, оқу басталғаннан бері облыста оқушылар арасында COVID-19-дың 410 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 291 оқушы қашықтан, 119 оқушы 93 мектепте штаттық режимде оқыды. Инфекция табылғаннан кейін барлық мектеп жабылып, оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды. Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгін ауруханаларда бір де бір оқушы жоқ. Толық медициналық жабдықталған 6,2 мың төсек орын дайындалды. Бүгін 3,7 мың орын іске қосылды», – деген болатын аймақ басшысы. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Айгүл ЕЛТАЙ

Тегтер: Даниал АхметовҚазақстанқызыл аймақШҚО
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандағы шетелдік хоккейші жылына 420,5 миллион теңге алады (ВИДЕО)

Келесі жаңалық

Бірде-бір дүнген басқа елге көшкен жоқ – Сапарбаев

Келесі жаңалық
фото: ОКҚ

Бірде-бір дүнген басқа елге көшкен жоқ - Сапарбаев

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться