Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DalaInform Ақордаға сілтеме жасап.
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның тұңғыш президенті күнімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің үстем болуына тілектестігін білдірді.
«Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық және бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделіліктерін растады», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселе бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды қамтыды.