• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

200-ге жуық колледж 500 мамандықты оқыту мүмкіндігінен айырылды

Министрлік студенттер басқа оқу орындарына ауыстырылып, мұғалімдер жұмысқа орналастырылды деп сендіреді.

Пікір, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Экономика
200-ге жуық колледж 500 мамандықты оқыту мүмкіндігінен айырылды

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі колледждердің білім беру қызметін тексере келе, ҚР Білім және ғылым министрлігі, 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Колледждер белгілі бір мамандықтар тұрғысында студенттерді оқытқанымен, бейіні мен білім беру жөнінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмай шыққан. Осыған байланысты министрлік тарапынан лицензияларды қайтару жұмыстары жүргізілген.

Білім беру бағдарламаларының сапасы, педагогикалық және оқытушылар құрамының жеткіліксіздігі, оқу үрдісін жүзеге асыру үшін қажет материалдық-техникалық базаның және оқу-зертханалық жабдықтардың болмауы сынды келеңсіздіктер де орын алған.

Жазаға ұшыраған колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылып, оқытушылар жұмысқа орналастырылған.

«Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж – мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі – дене шынықтыру мұғалімдерін және тағы басқа бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн», – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Тегтер: біліктілікбілім беруБілім және ғылым министрлігіколледжлиценциямамандықоқытуоқытушысапастудент
Алдыңғы жаңалық

Жаңа жыл түнінде із-түзсіз жоғалған келіншек табылды (видео)

Келесі жаңалық

Дәрігерлер ең жоғары жалақы алатын мамандықтар қатарына еніп отыр

Келесі жаңалық
Коронавирус: Тәжікстанға 100 өкпені жасанды желдету аппараты жіберілді (ВИДЕО)

Дәрігерлер ең жоғары жалақы алатын мамандықтар қатарына еніп отыр

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться