• Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

20 миллион тонна астық. Президент диқандарды құттықтады

Мол өнім Қазақстанның астық державасы атағын сақтап қалуға мүмкіндік бермек.

Экономика, Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Орталық Азия, Пікір
20 миллион тонна астық. Президент диқандарды құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты ауыл еңбеккерлерін құттықтады деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

Президент биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілгенін атап өтті. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді.

Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Нәтижесінде қамбаларымыз астыққа толды.

Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды.

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді.

«Құрметті диқандар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, агротехнологияны қатаң сақтағандарыңыздың және барлық күш-жігерлеріңізді жұмылдыра білгендеріңіздің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Ауыл еңбеккерлерінің еңбексүйгіштігі мен табандылығы ауылды қайта түлетуге, шаруалардың тұрмысын жақсартуға зор ықпал етті.

Агроөнеркәсіп кешенінің міндеттерін табысты шешудің негізі сіздердің жоғары біліктіліктеріңізге, таңдаған мамандықтарыңыз бен даңқты дәстүрге деген адалдықтарыңызда деп сенімді түрде айтуға болады. Қажырлы еңбегі мен диқаншылық міндетке деген адалдығы үшін барлық ауыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге, өндіріс озаттарына ризашылығымды білдіремін! Елімізді өркендету жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», – деп тілегін білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: астықауыл шаруашылығыдиқандарегінҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевэкспорт
Алдыңғы жаңалық

Қырғызстанда ереуілдеушілер «Ақүйге» басып кірді. Жиенбеков бүгін партия басшыларын жинамақшы (ВИДЕО, ФОТО)

Келесі жаңалық

Мүгедектерді жұмысқа алғандарға 42 500 теңге өтемақы төленуі мүмкін

Келесі жаңалық
Коронавирустың екінші толқыны қайталанса. Жұмысын жоғалтқандарға төлемді көбейту қарастырылуда

Мүгедектерді жұмысқа алғандарға 42 500 теңге өтемақы төленуі мүмкін

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Орталық Азия
  • Қоғам
  • Саясат
  • Талдау
  • Сюжеттер
    • Коронавирус
  • Видео

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Dalainform.kz

Добро пожаловать обратно!

Войти в аккаунт

Забытый пароль?

Создать новый аккаунт!

Заполните форму для регистрации

Все поля обязательны для заполнения. Авторизоваться

Восстановите ваш пароль

Введите детали для сброса пароля.

Авторизоваться