Денсаулық сақтау министрілігі 8 қазан күнгі коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды DalaInform.
«Қазір коронавирустан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 бала бар. Стационарларда 1 898 науқас жатыр. 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 87 адамның халі нашар. Соның ішінде 13 адамның халі аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген мәліметте.
Бұған қоса, бүгін КВИ жұқтырғандар саны 92-ге артса, пневмониямен ауырғандар саны 266-ны құрады. Вирустан 4, ал пневмониядан 1 азамат көз жұмды. Ал кеше инфекция жұқтырғандар саны 66 болған.