Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді, деп хабарлайды DalaInform тілшісі.
«Жексенбі, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбіде қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді. Дүйсенбі, 14 қыркүйектен бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар линияға шығады», – деп ақпарат таратты CTS көлік компаниясы.
Қоғамдық көлікке бетперде тағып кіріп, жолақыны тек электронды түрде төлеу керек.
Айгүл ЕЛТАЙ