Қарағандыда ұрылар шағын несие ұйымының кассирін өртеп жібермек болды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.
9 ақпанда сағат 16.00-де болған жағымсыз жайт барысында микронесиелік ұйымдардың біріне бетперде киген белгісіз екі адам кіріп келіп, 28 жастағы кассир әйелге арадағы шыны қуысы арқылы бензин шашады. Осылайша өртеп жібереміз деп қорқытқан қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны қолды етіп кетті.
Қарағанды облысы полиция департаментінен мәлімдегендей, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді анықтап, ұстау үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан шұғыл топ құрылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram